Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Баймановтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес жұмысына облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелері және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес барысында өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер айтылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Күн тәртібінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық негіздегі орынбасарын сайлау мәселесі қарастырылды. Көпшіліктің қолдауымен облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Кахар Дадашев кандидатурасы ұсынылды.
«Жуырда Қызылорда облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірлік ассамблеяның XXIV сессиясы «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның негізі» күн тәртібімен, жаңа форматта өтеді. Қазіргі таңда сессияға дайындық жұмыстары жүргізіліп, тиісті іс-шаралар жоспары әзірленуде», – деді Шахмардан Байманов.
kyzylorda-news.kz
17 маусым 2022 ж. 543 0