Жолдағы тәртіп – ортақ жауапкершілік

- Бүгінде Қызылорда облысында құқық бұзушыларға салынған айыппұл көлемі 2 млрд 456 млн теңгеден асты. Оның 2 млрд 12 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Бұл - облыстың айыппұл өндіру көрсеткіші бойынша республикада алғашқы үштікке енуіне мүмкіндік берді. Әрине, біздің басты мақсатымыз - айыппұл салып, жазалау емес. Біз ең алдымен жол қозғалысы ережесінің сақталуын қамтамасыз етуді, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды көздейміз. Әрбір азамат заң алдындағы жауапкершілігін түсінуі керек. Тәртіп сақтамай, айыппұл төлеуден жалтарған жүргізушілерге заң аясында қатаң шаралар қолданылатынын ескертеміз. Сондықтан әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу - азаматтық міндет. Қазір облыс бойынша құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын «Аркан», «Интегра КДД», «Сергек», «Екин-Патруль» сияқты заманауи жүйелер толық жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, «Мегакам Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі арқылы жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, міндетті сақтандыруы жоқ көліктер анықталып жатыр. Бұл - жолдағы қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретіндер. Құқық бұзушыларға қатысты мәжбүрлі өндірту, көлікті айыптұраққа қою сынды шаралар заң аясында жалғасады. Әр жүргізуші тек өз қауіпсіздігі үшін ғана емес, айналасындағы адамдардың амандығы үшін де жауапты екенін ұмытпауы керек, - деді Нұркен Пралиұлы.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі