Анасының құрсағында жатқан егіздердің "төбелесі" видеоға түсірілді

Ультра дыбыстық зерттеуді егіз апалы-сіңлінің әкесі видеоға түсіріп алған.
Роликтің кадрларына қарағанда, қыздар анасының ішінде төбелесіп жатқан сияқты. Мұны қызық көрген 28 жастағы болашақ әке видеоны Желіде жарияласа керек. Бейнежазба тез тарап, 2,5 миллион лайк және 80 мың пікір жинады.
Егіздерде амниотикалық қап пен жолдасы ортақ болған. Бұл - өте сирек кездесетін құбылыс әрі жүктіліктің аса қауіпті түрі: мұндай жағдайда балалардың 50 проценті ғана аман қалады.
Басылым атап өткендей, егіздер кесар тілігі арқылы аман-есен дүниеге келіпті.