Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Егіз күткен әйел “төрт қолды” қызды дүниеге әкелді

Егіз күткен әйел “төрт қолды” қызды дүниеге әкелді

Дәрігерлер Филипиннің Ильган қаласында тұратын 14 жасар қыздың денесіндегі артық қолды алып тастайтын болды.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
14 жасар Вероника Комингес төрт қолмен дүниеге келген. Оның ішіне егізінің екі қол жабысып туылған. Қыздың денесіндегі егіз паразиттің саусақтарына тіпті, тырнақ өсіп кеткен. Ал, кейде денедегі артық мүшеден қан тамшылап, жағымсыз иісі бар сұйықтық шығады.
Қыздың анасы жүктілік кезінде егіз бала көтергенін, тіпті екеуіне де ат таңдап қойғанын айтты. Бірақ, анасының арманы орындалмай дүниеге төрт қолды Вероника ғана келді. Сөйтсе, эмбрионалдық дамудың ерте кезеңдерінде оның ұрықтары екінші баланы жеп қойған екен. Ал, Вероника дүниеге келгенде сыңарының екі қолы оның ішіне жабысып туылған.

Жасөспірім осы күнге дейін артық мүшемен өмір сүруге мәжбүр болды. Кейін жергілікті тұрғындар егіз паразитті алып тастау үшін қаражат жинады. Бірнеше аптадан кейін Вероника хирургиялық ота жасату үшін Тайландқа барады.
Stan.kz​​​
31 шілде 2018 ж. 4 088 0