Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай дене мүшелеріне қол тигізуге болмайды?

Қай дене мүшелеріне қол тигізуге болмайды?

Өз қолым екен ден дененің кез келген мүшесін ұстай беруге болмайды. Өйткені бактериялар бір жерден екінші жерге жұғады. Осы себепті де дененің қолмен ұстауға болмайтын мүшелерін айтпақпыз

Көз
Көзге әлдене түсіп кеткенде қолмен алып жатамыз. Әсте бұлай істеуге болмайды. Көзге линза таққанда да абай болу керек. Жұмыстан шаршап келгенде линзаны қалай болса солай шеше салуға болмайды. Себебі линзаға арналған сұйықтық барлық микробтарды өлтірмейді. Тек үстірт тазалайды. Қолды қатты сабынмен, жылы сумен ғана жуу керек. Сұйық сабыннан химиялық заттардың қалдықтары қалуы мүмкін.
Құлақ
Қолмен құлақты шұқығанда құлақ ішіне зақым келіп, инфекция түсуі мүмкін. Құлақтағы құлық бактериядан қорғайды. Сол себепті де бар құлықты алып тастауға болмайды. Егер құлағыңызға құлық көп тұрып қалса отоларингологқа барыңыз.
Бет
Қолыңызбен бетіңізді ұстамаңыз. Әрине, көбінесе біз бұны автоматты түрде жасаймыз. Дегенмен, осыны қадағалау керек. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден қолға жиналған бактерия бет терісіне түседі. Беттегі тесіктер бітеліп, бөртіп, бет қызарады. Қолды жуғаннан кейін барып, бетті ұстау керек.

02 сәуір 2018 ж. 3 485 0