Заңдылық пен құқық қорғау – прокуратура қызметінің басты бағыты

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс прокуроры Ризабек Ожаров мәлімдеді.
- Прокуратура органдары заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Өңірдегі қоғамдық ахуал тұрақты. Жалпы қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмендеді. Аса ауыр қылмыстар 49 пайызға, кісі өлтіру 17 пайызға, ұрлық 49 пайызға азайды. Қылмысқа бейім тұлғалармен жеке жұмыс күшейтілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында прокурорлар 112 процессуалдық шешімді келісуден бас тартты, 33 азамат заңсыз ұсталған жерлерден босатылды. Азаптаулардың алдын алу үшін “кезекші прокурордың сенім телефоны” тәулік бойы жұмыс істейді. Қылмыстық процестерге цифрлық технологиялар енгізілуде. «IT TERGEU», «Смарт білезік», «Киберволонтер» және «Қылмыссыз өңір» жобалары оң нәтиже беріп отыр. ҚАЖ жүйесінде сотталғандардың 75 пайызы жұмыспен қамтылған. Рақымшылық заңы аясында 541 адамға рақымшылық жасалып, 147 адам босатылды. Кәсіпкерлер мен еңбеккерлердің құқықтарын қорғау жалғасуда. 17 мың жұмысшының еңбек құқығы қалпына келтірілді, «Жастар практикасы» бойынша мыңдаған азамат қамтылды. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-шаралар нәтижесінде бюджет қаржысы үнемделді. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша да кешенді жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта прокуратура заңдылықты күшейту, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастырады,-деді Ризабек Кәрімұлы.
Өңірлік Коммуникациялар қызметі