Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғыс және тыл ардагерлері жыл бойы теміржолда тегін жүреді

Соғыс және тыл ардагерлері жыл бойы теміржолда тегін жүреді

Соғыс және тыл ардагерлері жыл бойы теміржолда тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат temirzholy.kz сілтеме жасап. 
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесе отырып соғыс және тыл ардагерлеріне теміржолда жол бойы тегін жүру акциясының өтіп жатқанын хабарлайды. Бұл акция «Жеңіс» деп аталатын республикалық әлеуметік-қайырымдылық жобаның аясында өтуде», делінген хабарламада.  Ардагерлер «Жолаушылар тасымалы» компаниясына қарасты барлық бағыттарда және де компанияның ТМД аумағына жүретін пойыздарында тегін жүре алады. Оларға барлық вагондарда купе және де «Тұлпар-тальго» вагондарында «Турист» пен мүгедектерге арналған арнайы орындар қарастырылған. Сонымен бірге сапар барысында ҰОС ардагерлерге тегін тамақ беріледі. Жол билеттерін рәсімдеу үшін билет кассаларына жеке куәлікпен қоса ҰОС мен тыл ардагері екенін растайтын құжатты тапсыру керек.  ТМД аумағына сапар шегетін ардагерлер жол билетін тек Қазақстанда ғана сатып ала алады. 
https://www.inform.kz
03 мамыр 2019 ж. 988 0