Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Болат Иманбаев Малайзия елшісі болып тағайындалды

Болат Иманбаев Малайзия елшісі болып тағайындалды

Болат Иманбаев Малайзия елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  "Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды 
https://kaz.tengrinews.
09 мамыр 2019 ж. 908 0