Бүгін Қазақстанда Полиция күні атап өтіледі
Полиция қызметкерлері күн сайын азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты сақтауға қызмет етеді. Олар қиын жағдайларда алғашқылардың бірі болып көмекке келіп, заңның үстемдігін қорғайды. Полиция қызметі кәсіби біліктілік пен жоғары жауапкершілікті ғана емес, сондай-ақ батылдықты, өз ісіне адалдықты және адамдарға көмектесуге деген ұмтылысты талап етеді.Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!










