Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Аудан әкімі Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Құрметті полиция қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Антқа деген адалдық, рух беріктігі мен асқан жауапкершілік полиция қызметкерлерін әр уақытта даралап келген.
Біз, әрбір ішкі істер қызметкерлерінің қажырлы еңбегін қашанда жоғары бағалаймыз. Ішкі істер органдары – қоғамдағы құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі.
Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі - зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел байлаумен ерекше құнды.
Тапсырманы орындау кезінде кәсібилік танытып, жүктелген міндеттерге жоғары жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атақты абыройды арқалап, мемлекет пен халыққа аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!
Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз әрқашан табысты болғай!
Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Арал ауданының әкімі   Серік Сермағамбетов
25 маусым 2023 ж. 571 0