Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Аудан әкімі полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Құрметті полиция қызметкерлері!
Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді Қазақстан Полициясының 30 жылдығымен күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан, мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.
Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды.
Сіздер ел іргесінің сөгілмей, бүтіндігіміздің сақталуына барынша тынымсыз еңбек етіп келесіздер.

Құрметті полиция қызметкерлері!

Өз қызметтік міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алып, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін!
Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!
Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Ел бірлігіне сызат түспесін!
Ел іргесі бүтін, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Ізгі ниетпен,
аудан әкімі С. СЕРМАҒАМБЕТОВ

23 маусым 2022 ж. 974 0