Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда ауланған қандай балық түрлері жиі экспортталады

Аралда ауланған қандай балық түрлері жиі экспортталады

Қызылорда облысында биыл 6 айда 2 300 тонна балық ауланды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, оның 93%-ы Кіші Арал теңізіне тиесілі. 
— 1 808 тонна балық өнімі 12 шет мемлекетке экспортталды. Оның басым бөлігі — тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Өңделген өнім түрлерінен көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны көбірек жөнелтілді. Бүгінгі күні облыста 11 балық өңдеу зауыты жұмыс жасап тұр. Оның 4-еуінде Еуропалық одақ елдеріне экспорттау құқығын беретін «Еврокод» нөмірлері бар, — делінген хабарламада.
Биыл көл-тауарлы балық шаруашылықтары 2 765 тонна тауарлы балық өсіреді деп жоспарланып отыр. Бүгінде мұндай шаруашылықтар саны 80-ге жетіп отыр. 
Ал Атырау облысында жыл басынан бері 5 530 тонна балық ауланып, оның 4 085 тоннаға жуығы шетел нарығына жөнелтілген.

Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
27 шілде 2026 ж. 42 0