Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ветеринария саласында жүйелі жұмыстар жалғасуда

Ветеринария саласында жүйелі жұмыстар жалғасуда

Қызылорда облысында ветеринария саласын дамыту, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Саладағы қызметтің материалдық-техникалық базасы жаңарып, алдын алу және диагностикалық шаралардың тиімділігі артып келеді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.
Бүгінде өңірдегі ветеринариялық қызметті 8 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мен 139 ветеринариялық пункт қамтамасыз етеді. Мұнда 800-ден астам маман еңбек етеді. Биыл аса қауіпті 13 жұқпалы аурудың алдын алуға бөлінген 4,4744 млн доза ветеринариялық препарат аудандарға толық жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары 100 пайыз орындалған.
- Эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау ветеринария саласындағы басты міндеттердің бірі. Барлық алдын алу шаралары жоспарға сәйкес жүргізіліп, бүгінде облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты қалыптасып отыр. Мал ауруын анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар да тұрақты жүргізілуде. Биыл жыл басынан бері 864,5 мың ауыл шаруашылығы жануары бруцеллезге тексерілді. Нәтижесінде ауру белгілері анықталған 37 ірі қара мен 9 ұсақ мал белгіленген тәртіппен жойылды. Сонымен қатар жыл басынан бері облыста 253,6 мың бас мал бірдейлендірілді. Ақпараттық жүйеде тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының саны 1545,5 мың басқа жетіп, бұл мал есебін жүргізу мен ветеринариялық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беріп отыр, - деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.
Айта кетейік, ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында елді мекендердегі инфрақұрылым да нығайтылуда. 2024-2025 жылдары 8 блоктық-модульдік ветеринариялық нысан пайдалануға берілді. Биыл Шиелі және Жаңақорған аудандарына төрт, Қызылорда қаласына бір модульдік ғимарат сатып алу көзделген.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

05 тамыз 2026 ж. 58 0