ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК — ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

«Ветеринариялық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру үшін ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы мықты болуы қажет. Өңірімізде ветеринария саласына аса мән беріліп, жұмыстарын ілгерілету, материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында арнайы «Жол картасы» бекітілген. Облыстық бюджеттен соңғы 3 жылда 682,3 млн. теңге бөлініп, 71 арнайы автокөлік, 163 дана компьютер, 163 дана термочемоданмен қамтамасыз етілді», - деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.