Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 тамызда мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланады

7 тамызда мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланады

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады.
2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл грант конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш түскен. Талапкерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттары ең көп сұранысқа ие болды.

Қабылдау науқанының қорытындысы бойынша аудармашы, дипломат, заңгер, психолог және педагог даярлайтын білім беру бағдарламалары бойынша бір грантқа шаққандағы бәсеке жоғары болады деп күтіліп отыр.

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады.

Грант иегерлерінің тізімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
Фото: baq.kz
06 тамыз 2026 ж. 85 0