Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гранттарды бөлу нәтижесін қашан және қайдан білуге болады?

Гранттарды бөлу нәтижесін қашан және қайдан білуге болады?

Грант иеленгендердің тізімі биыл тек электронды түрде жарияланады.Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы 6 тамыз күні сағат таңғы онда белгілі болады.       
Қазақстан білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтады. 
"Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланады", — деп жазылған хабарламада.  
Грант иегерлерінің тізімі төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді болады: egemen.kzkazpravda.kztestcenter.kz, @testcenterBot телеграм бот.
Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланады.
Биыл 53 594 грант бакалавриатқа, 12 504 — магистратураға, 2240 —PhD докторларын дайындауға бөлінді. Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға үлестіріледі. 

06 тамыз 2018 ж. 2 149 0