Облыстық филармония ұжымы тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады
Kyzylorda-news.kz Президент саябағында облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен ашық аспан астындағы мәдени кеш өтті.Кеш барысында қала тұрғындары мен қонақтарына кәсіби музыканттар мен шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалауға мүмкіндік туды. Концертте халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Гаухар Бисекенова, Айсұлу Әбді, Бақытжан Найманов, Димаш Тілеуберген, Ернар Тәкен және «Томирис» би ансамблі өнер көрсетті.

Өнерпаздардың орындауындағы музыкалық шығармалар мен би композициялары көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, кешке ерекше мазмұн берді.
«Томирис» би ансамблінің бас балетмейстері – «Шапағат» медалінің және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Г. Мырзабаева. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты М. Тойбазарова.
Облыстық филармония ұжымы ұйымдастырған мұндай мәдени шаралар өнерді көпшілікке кеңінен насихаттап, тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы концерттер қала тұрғындарына өнер ордаларынан тыс жерде кәсіби өнерпаздардың шығармашылығымен жақынырақ танысуға жол ашады.











