18 тамыз – Шекарашылар күні
Бүгін қазақстандық шекарашылар кәсіби мерекесін атап өтеді. Олардың қызметі қырағылықты, сабырлылықты, жоғары жауапкершілікті және кез келген жағдайда әрекет етуге дайын болуды талап етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шекарашылардың кәсібилігі мен әскери борышына адалдығы – мемлекеттік шекараны қорғау мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің берік негізі. Олар күн сайын өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, ұлттық мүддені қорғауға, Қазақстандағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға елеулі үлес қосып келеді.











