18 тамыз – Шекарашылар күні
18 тамыз – шекарашылар күні. 5 мемлекетпен шектесетін Қазақстан достық пен татулықтың ерекше үлгісін көрсетіп отыр. Себебі 15 мың шақырымнан асатын шекара бойында антқа берік, рухы асқақ қыз-жігіттер еңбек етеді. Айтулы мереке қарсаңында шекара шебінде қызмет ететін мамандар Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келіп, мерейлі мерекенің маңыздылығын тілге тиек етіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
- ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 32 жыл, ал Қызылорда облысы бойынша департаменттің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Отанға мінсіз қызмет етіп, әскери құрылымның қалыптасуы мен өркендеуінде департаменттің әр әскери қызметкерінің қосқан үлесі орасан зор. Қиын қыстау кезеңдерде түпкі тамырынан көз жазып қалмай, табандылық таныта білді. Қазіргі таңда әскери - патриоттық қозғалыстың қатарында 300-ге жуық жас шекарашылар бар. Ол Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы, Қармақшы ауданындағы шалғай беттегі орналасқан мектеп пен колледждерде құрылды. Шекарашылардың айтулы мерекесі құтты болсын! Біздің басты парыз- Елге қызмет ету,- деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстары бөлімінің бастығы Нұрбек Абдиракинов.
- Қазіргі уақытта департамент облыс төңірегіндегі NEET санатындағы жастардың санын азайту мақсатында, әскери қатарына жастарды толықтыру жұмыстарын жүргізуде. Яғни, әскери борышын өтеп келген жас сарбаздарды келісімшарт қызметпен жұмысқа орналастыру және жоғары білімі бар әскери кафедраны тәмамдаған азаматтарды белсенді түрле жұмысқа орналастырудамыз. Төл мерекеміз құтты болсын! Еліміздің шекарасын қорғау біздер үшін де үлкен мәртебе,- деді «Застава тарландары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асан Худаяров.
- Мемлекетіміздің ел шебіндегі ұлттық қауіпсіздік мүддесін асқан қырағылықпен күзетіп, қазіргі таңда шекарашылар заман талаптарына сай бағыт алуда. Елімізді сыртқы және ішкі жаулардан қорғауда, қалтқысыз қызмет етуде. Шекарашыларымыз тәуліктің қай уақытында да ел мен жер үшін тынбай қызмет жасауда. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Мереке құтты болсын! Ел аман,жұрт тыныш болсын!,-деді Кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы Данияр Жұпарбеков.
Өңірлік коммуникациялар қызметі