Сайлау учаскелерінде ең бірінші дауыс берушіге сыйлықтар табысталды
Арал аудандық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес Арал ауданындағы сайлау учаскелерінде таңғы сағаттан бастап тұрғындардың белсенділігі жоғары.Саяси науқан басталған сәттен-ақ учаскеге алғашқы болып келгендер өз таңдауларын жасады.
Өзге де сайлау учаскелерінде осындай үрдіс жалғасуда. Алғашқылардың қатарында келген тұрғындарға естелік сыйлықтар табысталуда.












