Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылтай – ел өміріндегі жаңа қадам

Құрылтай – ел өміріндегі жаңа қадам

Айымгүл ДӘУЛЕТОВА, ұстаз, Құланды ауылының тұрғыны:
– Бүгін еліміз үшін маңызы зор тарихи күндердің біріне куә болып отырмыз. Құрылтай – елдің ертеңін айқындауға, қоғамның өзекті мәселелерін талқылауға және халықтың ортақ мүддесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.Осындай айтулы күні №30 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды алғашқы дауыс беруші болып жасадым. Бұл мен үшін жай ғана дауыс беру емес, ел болашағына деген азаматтық жауапкершілігімді білдірудің маңызды мүмкіндігі.
Әрбір азаматтың таңдауы – елдің келешегіне қосылған үлес. Сондықтан бүгінгі күнге үлкен сеніммен қарап, еліміздің тұрақты дамуына, бірлігі мен берекесінің арта түсуіне тілектеспін.
Жаңа бастамалар ел игілігіне қызмет етіп, Құрылтай ел дамуына тың серпін берсін! Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
23 тамыз 2026 ж. 55 0