Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ұлттық компаниялармен және жеке бизнеспен бірге индустриядағы өзекті ЖИ-міндеттерді айқындау және ұдайы жаңарту тәртібін әзірлеуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ұлттық компаниялармен және жеке бизнеспен бірге индустриядағы өзекті ЖИ-міндеттерді айқындау және ұдайы жаңарту тәртібін әзірлеуді тапсырды

Содан кейін Президент бірқатар басты міндеттерді атады.

– Бізге жасанды интеллектіні пайдалана отырып, өндірістік үдерістерді кешенді түрде трансформациялау қажет. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорында цифрландыру жұмыстары шашыраңқы жүргізіліп жатыр. Жекелеген операцияларды автоматтандырып, жаңа қызметтерді енгізгенімізге қарамастан, өндіріс моделі көп жағдайда өзгеріссіз қалады. Мұндай тәсіл өзін өзі ақтамайды. Кәсіпорындар бүкіл өндіріс тізбегін қайта қарап, қай тұста ЖИ көмегімен тиімділікті барынша арттыруға болатынын айқындауы керек. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, негізгі бизнес-үдерістері жасанды интеллект арқылы жан-жақты трансформацияға ұшырайтын кәсіпорындарды анықтағаны жөн. Жаңа технологиялар өндірісті басқару жүйесіне тікелей кірігуге тиіс. Анағұрлым сәтті модельдерді бүкіл ел аумағында таратуға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

02 қазан 2026 ж. 57 0