Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Заң мен тәртіп» – әділетті қоғамның негізі

«Заң мен тәртіп» – әділетті қоғамның негізі

Ауданда жалпы білім беру ұйымдарының басшылары арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында аудандық дебат турнирі өткізілді.

Аталған іс-шараға ауданның 42 мектеп басшысы қатысып, заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп, азаматтық жауапкершілік және білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Турнирдің мақсаты – заңға құрметті дәріптеу, құқықтық мәдениетті арттыру, қатысушылардың сыни ойлау, шешендік өнер және дәлелді пікір айту дағдыларын дамыту, өзекті мәселелерді сындарлы диалог арқылы талқылау.
Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың пікіріне құрметпен қарау, әділ шешім қабылдау және өзара түсіністікке негізделген диалог құру мәдениетін көрсетті.
Мұндай тағылымды іс-шаралар білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігін жетілдіріп, өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру мен қоғамда заңдылық және тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

10 қазан 2026 ж. 60 0