Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 29 қарашаға белгіленді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 29 қарашаға белгіледі.12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Құжатқа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауды тағайындау, оған дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылған.










