Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысында қылмыстық істі тоқтату үшін 4 млн теңге алған тергеуші сотталды

Жамбыл облысында қылмыстық істі тоқтату үшін 4 млн теңге алған тергеуші сотталды

Жамбыл облысында экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі үш жылға бас бостандығынан айырылды

Жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлтық бюро облыстағы СҚЖД-нің аға тергеушісі Мақұлбек С. мырзаның алаяқтыққа қатысты тергеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, тергеуші Мақұлбек Ж. есімді азаматтан өзінің қарауында жоқ қылмыстық істі тоқтату  үшін 4 миллион теңге алған.
"6 маусымда Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен тергеуші үш жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар 6-класты біліктілік санаты алынып тасталды" - деп хабарлады ведомстводан.
http://stan.kz
17 маусым 2019 ж. 675 0