Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан зығыр өндіруден әлемде бірінші орынға шықты – министр

Қазақстан зығыр өндіруден әлемде бірінші орынға шықты – министр

Бүгін «Қазмедиа» орталығында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуін өткізіп, ведомствоның 2018 жылғы жұмысын қорытындылады.

«2018 жылдың өзінде майлы дақылдардың жалпы жиналымы 2,7 млн тоннаны құрады. Қазақстан зығыр өндіру көлемін 930 мың тоннаға дейін жеткізіп, бұл өндіріс түрі бойынша әлемде 1-орынға шықты. Картоп өндіру көлемі 3,5 млн тоннадан 3,8 млн тоннаға, көкөніс өндіру 3,8 млн тоннадан 4,1 млн тоннаға дейін ұлғайды. Экспорт та қарқынды дамуда. Мәселен, арпа экспорты 2 есеге, рапс майы мен қызанақ 1,4 есеге, соя 2 есеге өсті», - деп айтты министр. 
Ведомство басшысы дәнді дақылдардың 20,3 млн тонна көлеміндегі жиналған түсімінен ұнды есепке алғанда 11,7 млн тонна астық экспортталғанын атап өтті. 
«Минералды тыңайтқыш қолдану қажеттіліктің 18% жетті, өткен жылдары бұл көрсеткіш 10-14% аспайтын. Былтыр тыңайтқыштарды субсидиялау процесі толықтай автоматтандырылды, ал бөлінетін қаражат көлемі 24% ұлғайды. Қарқынды бақ шаруашылығын дамыту мақсатында өткен жылы 1 132 га, оның ішінде Алматы облысында 432 гектар, Жамбыл облысында 200 га Түркістан облысында 500 г қарқынды бақ отырғызылды», - деді ол.
Министр қабылданған шаралар нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 3,2% ұлғайып, 2,4 трлн теңгені құрағанын айтты.
https://baq.kz
18 маусым 2019 ж. 1 155 0