Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Былтыр бюджет шығындарының жартысы әлеуметтік салаларға бөлінген

Былтыр бюджет шығындарының жартысы әлеуметтік салаларға бөлінген

Бүгін  ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысына Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Ол шығыстар бойынша барынша жоғары атқарылуға қол жеткізілгенін, яғни 99,8% құрағанын айтты. 

Бюджет қаражатының игерілуі келесі көрсеткіштермен сипатталады. 
«Бюджеттің әлеуметтік бағыты күшейді. Бұл салаға бүкіл шығыстардың жартысына жуығы, яғни 4,3 трлн теңге жіберілді. Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға 2,6 трлн теңге бағытталды. 3 млн 530 мың адамға бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төленді. 2018 жылы 10,1 млн салымшыға 9,4 трлн теңге міндетті зейнетақы жарнасы аударылды. Ана мен балаларды әлеуметтік қолдауға  2018 жылы 146 млрд теңге жұмсалды. Нәтижесінде 849 мыңға жуық адам жәрдемақы алды. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 42 мың адам техникалық және кәсіптік біліммен қамтылды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 28 мың кәсіпкер оқудан өтті. Микрокредит алушылардың есебінен қосымша 12,6 мың жұмыс орны ашылды», - деп айтты Смайылов.
Бұған дейін министрі 2018 жылы бюджет кірістері 9 трлн теңгеге жеткенін хабарлаған болатын.
20 маусым 2019 ж. 812 0