Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы университеттер оқу ақысын қаншалықты көбейткен?

Қазақстандағы университеттер оқу ақысын қаншалықты көбейткен?

Бұл туралы білім және ғылым министрінің БАҚ және қоғаммен байланыс бойынша кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан айтып берді. Әлеуметтік желілерде кең тараған ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-дағы оқу ақысын 20%-ға өсіретіні туралы ақпаратты жоққа шығарды Мұхаметжанов."Мемлекетімізде 131 ЖОО бар, соның көбі жекеменшік, олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейді. Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды. Бірақ, ақылы оқудан бөлек гранттар да бар екенін айтқым келеді. Гранттардың саны өткен жылы 20 мыңға көбейсе, биыл тағы Президенттің тапсырмасына сай 5 мыңға көбейді", - дейді Ерболат Мұхаметжанов.
Мемлекеттік гранттардың өскенін тілге тиек етіп, жекеменшік оқу орындарының құнын бағамдай алмайтынын түсіндірді. Қазіргі таңда еліміздегі ЖОО-ның орташа құны 350-420 мың теңгені құрайтынын айтып, биылғы жылы керісінше оқу ақысының арзандағанын да жеткізді ол.
"ҚарМУ-да оқу құны 7000 теңгеге азайса, Алматы менеджмент университеті оқу ақысын 7%-ке төмендетуге ниетті. Тек кейбір ЖОО-дары оқу ақысын шамамен 4-8%-ға арттырды. (Оқу ақысын арттырған ЖОО-дары: ЖМУ - 4%, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ - 8-10%, Каспий қоғамдық университеті - 10%, Абай атындағы ҚазҰПУ - 1-2%, ХҚТУ - 8%, Қарағанды медициналық университеті - 3%, ҚазҰҚПУ - 7%). Ол студент пен университет арасындағы келісімнің нормаларына сәйкес", - дейді Мұхаметжанов.
Сонымен қатар, Ерболат Мұхаметжанов оқу ақысына өзгеріс енгізілмеген жоғарғы оқу орындарының тізімін жасаған. 
"Сәтбаев университеті, ПМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, ЕТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, Тұран-Астана, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Қарағанды экономикалық университеті, Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – IITU, Семей қалалық медицина университеті, ҚазҰАУ", - дейді Ерболат Мұхаметжанов.
https://stan.kz
08 шілде 2019 ж. 1 196 0