Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көлікті техникалық тексеруден бас тартылмайды

Қазақстанда көлікті техникалық тексеруден бас тартылмайды

Қазақстанда көлікті техникалық тексеруден бас тарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер осындай мәлімдеме жасады,

«Мемлекетте көлікті техникалық тексеруден өткізуден бас тарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Себебі көлікті мерзімді түрде техникалық бақылаудан өткізу әлемдік тәжірибе болып табылады және адамдардың өмірі мен денсаулығының, жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз ету мен қоршаған ортаға әсерін төмендетуге бағытталған» - дейді министрліктегілер. 
Ведомстводағылар шет мемлекеттерде тіркелген көліктерге техникалық тексеру жүргізетін тұлғалардың қызметіне тоқталды.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  техникалық тексеру тізімдемесіне енгізілген операторлардың міндетті техникалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізіп отырады», - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер.
Сонымен қатар «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, техникалық тексеруді көліктің өзін тексерместен немесе суреті арқылы тексеруден өткізуге болмайды. 
Еске сала кетсек, Қазақстанда автокөліктерді техникалық тексеруден өткізуді уақытша тоқтату ұсынылған еді.
https://stan.kz
13 шілде 2019 ж. 550 0