Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр Аймағамбетов: Оқушыларды емес, әуелі оқулықты шығарушылардың өзін оқыту керек

Министр Аймағамбетов: Оқушыларды емес, әуелі оқулықты шығарушылардың өзін оқыту керек

Жаңадан басылып шыққан оқулықтардың біразын сұратып алып, үтір-нүктесіне дейін тексерген білім және ғылым министрі оқулық шығарушыларды сынға алды.

Министр Аймағамбетов оқулықтағы қарапайым қателіктерге таңғалып отыр. Ол әуелі балаларды емес, оқулық шығарушыларды оқыту керек деді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Мәселен, физика оқулығында есептің жауабы менің есептеуіммен мүлде сәйкес келмейді. Географиядан да сондай қате. Сол секілді ағылшын сөздері қазақшалап қисынсыз аударылып кеткен. БІздің балалар осындай оқулықтардан білім алуға мәжбүр", - дейді министр. 
Қалай дегенмен қателерге толы оқылықтардың жартысынан көбі өңірлерге тарап кетті. Оның сапасына жауап беретін орталық кітап бетіндегі қателерді техникалық олқылықтар деп есептейді. Тек электронд нұсқасы ғана түзей аламыз дейді. Ал, тарап кеткен кітаптарды түзету мүмкін емес. Оны басқаша жолмен шешпек. Кітапқа қосымша салмақ. 
Ал, баспагер Есенғали Раушанов бұл олқылықтарды былай түсіндірді. 
"Әр минист ауысқан сайын өз баспагерлері қоса келеді. Мал дәрігерң болсын, құрылысшы болсын, сантехник болсын кітап шығарумен айналысып кеткен кездері болды. Сапасыз кітап шығуының себебі сонда", - деді ол.

https://stan.kz/ministr-aymagambetov-okushilardi-emes-aueli-okulikti-shigarushilardin-ozin-okitu-kerek-320494/  

09 тамыз 2019 ж. 1 403 0