Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыр аналарға жәрдемақы өмір бойы берілетін болды

Батыр аналарға жәрдемақы өмір бойы берілетін болды

   Қазақстанда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне бұдан былай жәрдемақы алу үшін мемлекеттік органдарға жеке жүгінуге мәжбүр болмайды, деп жазады Stan.kz.
   «Батыр ана» құрметті атағының иегерлеріне жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады.
  Қазақстанда «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналар бұдан былай жәрдемақы алу үшін мемлекеттік органдарға жеке жүгінуге мәжбүр болмайды. Егер бұрын батыр аналар бұл үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына тиісті өтініштер жазса, қазір рәсім аздап жеңілдетілді.
  «Проактивті қызмет көрсету процесі президент әкімшілігінің ақпараттық жүйесінен еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесіне «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалармен марапатталған көпбалалы аналар туралы ақпарат түскен кезден басталады», - деп хабарлады ҚР Еңбек министрлігі.

Мемлекеттік орган өкілдерінің айтуынша, қызмет тек мобильді азаматтар базасында тіркелген болады. Ол үшін кез келген ХҚКО-да ұялы телефон нөмірін тіркеу қажет. Бұл процедурадан өтпегендер бұрынғыдай мәлімдеме жазуы керек.
Мемлекеттік органның ақпаратына сәйкес, республикада 237 мың ана құрметті атағына ие, ал қазақстандық әйелдерге ай сайын 16160 теңге немесе 6,4 АЕК көлемінде жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы зейнетке шыққаннан кейін де тоқтамай, сонымен қатар отбасының жалпы кірісіне қарамастан аналарға өмір бойы беріледі.
https://syr-media.kz/news/11451-batyr-analara-zhrdemay-mr-boyy-berletn-boldy.html

16 тамыз 2019 ж. 1 808 0