Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер және қалай ала алады? Министр жауап берді

Зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер және қалай ала алады? Министр жауап берді

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкімет отырысының кулуарында кімдердің зейнетақы жинағынан ақшасының бір бөлігін ала алатынын айтты. Ол табысы төмен адамдардың зейнетақы жинағын баспана немесе білім алуға жұмсау мүмкіндігі болуы керек деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәліметінше, бүгінде 10 миллионға жуық қазақстандық шамамен 10 триллион теңге жинаған. Орташа есеппен, бір адамға бір миллион теңгеден шығады.
«Әрине, барлық қатерді есепке алу керек. Себебі зейнетақы жинағы – бұл, ең алдымен, ертеңгі кәрілікке деген жинақ. Оны бүгін алып, шотта ештеңе қалдырмау дұрыс емес болар. Мысалы, жеткіліктілік деген түсінік бар. Яғни біздің зейнетақы жинағымыздің өміріміздің соңына дейін тым болмағанда ең төменгі мөлшерде зейнетақы алуға жеткіліктілігі. Бұл ерлер үшін шамамен – 11 миллион, ал әйелдер үшін – 13 миллион теңге», - дейді Біржан Нұрымбетов.
Еңбек министрі табысы төмен адамдарда зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алу мүмкіндігі болуы тиіс деген пікірде. Министріктегілер зейнетақы жинағында 11-13 миллион теңгеден аса жинағы бар қазақстандықтарға ақша шешіп алуға рұқсат берілсе, бұл қызметке тек табысы жақсы адамдар қол жеткізе ала ма деп алаңдайды. 
«Алайда біз түрлі механизмдерін қарастыратын боламыз. Еңбек министрлігінде жұмыс тобын құрдық. Үкіметте де жұмыс тобы құрылатын болады», - дейді ведомство басшысы.

https://stan.kz/zeynetaki-zhinaginin-bir-boligin-kimder-zhane-kalay-ala-aladi-ministr-zhauap-berdi-321742/
10 қыркүйек 2019 ж. 983 0