Сыр ғалымдарының жаңа зерттеулері америкалық журналда жарық көрді

«PSYCHOLOGY AND EDUCATION» - психология мен білім берудің жалпы салалары бойынша іргелі зерттеулер, теориялары, әдістері мен тәжірибелеріне арналған рецензияланатын журнал болып табылады. Журнал 1963 жылдан бастап жарық көреді. Журнал тек Скопус базасында индекстеліп қана қоймай, PsycINFO, American Psychological Association (APA), Sage Publications және psychologyandeducation.net базаларында индекстеледі. Бұл берілген материалмен әлемнің көптеген ғалымдары таныса алады деген сөз. Журнал жылына өз беттеріндегі жарияланымдарды 27 мақаладан асырмайды. Баспагерлердің біздің ғалымдардың еңбегін таңдауы Сыр ғалымдарының үлкен жетістігі деп түсінеміз. Журналдағы берілген жарияланым соңғы 10 жылдағы қазақстандық авторлардың бірінші мақаласы екендігін айта кеткеніміз жөн. Зерттеу Б.Ж.Паридинованың «Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын тұлғалық-бағдарлық оқыту арқылы дамыту» докторлық диссертациясы шеңберінде жүргізілді.
