Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Табысын есептеместен төленетін мемлекеттік жәрдемақы қашаннан бастап беріледі?!

Табысын есептеместен төленетін мемлекеттік жәрдемақы қашаннан бастап беріледі?!

Кірісіне қарамастан көпбалалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету 2020 жылдан бастап жоспарлануда, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
«Егер біздің ұсынысымыз қолдау тапса, яғни тиісті заң қабылданатын болса, біз бұл көмекті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап беруді жоспарлап отырмыз», - деді Біржан Нұрымбетов мәжілістің пленарлық отырысы аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұған дейін Қазақстан ӘЕК тағайындаудың жаңа ережелерін енгізетіні туралы хабарланған болатын.
«Осыған байланысты көпбалалы отбасылардан атаулы әлеуметтік көмек алушыларды алып тастауды және кірістеріне қарамастан оларға қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындау, олардың материалдық жағдайын жақсарту. Көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақыны сараланған мөлшерде 42 500-ден 73 375 теңгеге дейін орнату ұсынылады», - деді Біржан Нұрымбетов үкімет отырысы барысында.
09 қазан 2019 ж. 752 0