Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал теңізінің орнына 6 жылда 56 мың гектар жерге сексеуіл отырғызылды

Арал теңізінің орнына 6 жылда 56 мың гектар жерге сексеуіл отырғызылды

Жерді бүліну мен шөлейттен қалай құтқаруға болады? Бұл мәселені Алматыда Орталық Азия ғалымдары мен саясаткерлері талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл форум Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Мамандардің есебінше, Орталық Азияның әр елінде жарамсыз жерлердің аумағы 40-50 процентке дейін жетеді, осының кесірінен келетін жыл сайынғы шығын 12 жарым миллиард доллардан асқан. Біздің елдің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі орынбасарының айтуынша, Қазақстандағы жайылымды жерлердің 60 проценті тозуға айналған. Форумға қатысушылар жерді үнемдеуге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлемек.
«Халықаралық ұжымдармен 30-дан астам жобаларды іске асырдық. Оның құны 50 миллионнан астам ақша доллар. Ал енді сол жобаның ішінде атап өтетін маңыздысы – Арал теңізінің бүгінгі қураған жердегі жердің жағдайы. Сол себептен біз осы 2008 жылдан бастап 2014 жылға 56 мың гектар жерге сексеуілді отырғыздық. Бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев.


10 қазан 2019 ж. 1 003 0