Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді Қызылордадан Шымкент пен Ақтөбеге баратын жолдар ақылы болады

Енді Қызылордадан Шымкент пен Ақтөбеге баратын жолдар ақылы болады

 «Қызылорда-Шымкент» 246 км I-категорияда және «Қызылорда-Актобе» 566 км II-категориядағы жеңіл және ауыр салмақты көліктерге ақылы жол болады деп хабарлайды syr-media.kz
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерұлан Жүнісов мәлімдеді.
«Аталған жобада 2 ақылы төлем пункті және 6 арка қарастырылған. Сонымен қатар, биыл Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік дәлізінде 8 елді мекенді айналып өтетін жол, 46 көпір, 14 жол өтпелі, 2 темір жол өткелі,13 көліктік қиылыс, 337 су өткізгіш құбырлар салынды», - деді Ерұлан Бақтыбайұлы.
Сондай-ақ, 2019 жылы желтоқсан айында 3 жер үсті жаяу жүргінші жолы пайдалануға беріледі. Яғни, Қорқыт ата мемориалы бойынша 1629 км, Байгеқұм аумағында 1913 км, Сунақ ата кесенесі бойынша 1960 км.
16 қазан 2019 ж. 793 0