Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Ұрпақ тағзымы» атты патриоттық акция басталды

Қызылордада «Ұрпақ тағзымы» атты патриоттық акция басталды

Kyzylorda-News.kz. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе «Ұрпақ тағзымы» акциясын бастады.Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Жас Отан» Жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес мәлімдеді.

«Акция Қызылорда қаласындағы «Мәңгілік алау» және «Тағзым алаңынан» бастау алады. Байқоңыр қаласының орталығы, аудандар мен ауылдарда жалғасады. Акция аясында ҰОС батырлары және ардагерлерінің есімдері берілген 25 көшеге және ҰОС байланысты 18 ескерткіштерге тазалық және әрлеу жұмыстары жүргізіледі», - деді Т.Тілес.

Жыл басынан бері «Жас Отан» ЖҚ бастамасымен облыс көлемінде 35 ардагерге адресті қол көмек көрсетілді, бұл жұмыстарға аудандық бөлімшелерде атсалысуда. Өткен жылы жасотандықтармен облыс көлемінде 350 ардагерге адресті көмектер көрсетілген.
Сонымен қатар, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерге «Қамқорлық айы»бастау алады. Бүгіннен басталған шара мамыр айының 19-на дейін жалғасатын болады. Шара барысында облыс көлемінде 30 ҰОС, 240 тыл ардагеріне адресті қол көмектер көрсетілетін болады. ҰОС ардагерлерінің үйіне адресті көмектер жасау барысында денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың мамандары да тартылатын болады.

syr-media.kz
19 сәуір 2019 ж. 1 129 0