Музей – тәрбие өзегі

«Музей түні» жобасының негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламаларды ұйымдастыра отырып, еліміздің негізгі мәдени-білімнің ошағы және белсенді әлеуметтік-мәдени мекемесі болып табылатын музей саласына жұртшылықтың назарын аударту.
Шара барысында қонақтарға тақырыптық экскурсиялар, халық жазушысы Ә.К.Нұрпейісовтің 95 жасқа толуына орай «Теңіздей тебіренген тұлға» атты фото, кітаптар көрмелері ұйымдастырылды. Оқушылар үйінің өнерпаздарының қатысуымен Ұлы ақын А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абайды оқы – таңырқа!» тақырыбында өлеңдер оқылды.
Тағылымды кеште жандарына рухани демалыс сыйлаған қала тұрғындары бастамасы жақсы игі іс-шараға қолдау білдіріп, жастардың көптеп тартылуы, жастардың бір сәт болса да уақытын тиімді өткізіп, өз ұлттық құндылығын тануға мол септігін тигізер еді деген ниетін жеткізді.
Мадина Құрманқұлова,
музей қызметкері