Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 11 желтоқсанға арналған ауа райы

11 желтоқсанға арналған ауа райы

  baq.kz  Сәрсенбіде республиканың оңтүстігінде, батысында және солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталып, кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің калған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірде тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады.
Ақмола және Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болжанады. 
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында сондай-ақ, тұманды болады. 
Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл аумығында жел 17-22 м/с күшейеді. 
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады. 
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерін де тұман басуы ықтимал.
11 желтоқсан 2019 ж. 690 0