Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сәрсенбіде көктайғақ, тұман, жел болады

Сәрсенбіде көктайғақ, тұман, жел болады

"Қазгидромет" РМК 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды baq.kz

Сәрсенбіде Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр және қар жауады. Тек республиканың оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің күші 15-20, Жарма ауданында күндіз – көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с жетеді. 

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, түнде кей жерінде тұман күтіледі. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ болуы ықтимал. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын болады. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.
04 желтоқсан 2019 ж. 691 0