28 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с болып, түнде кей жерде тұман түседі.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, тұман түсіп, бұрқасын соғады. Қостанай облысында көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, күндіз бұрқасын соғады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.
baq.kz