22 қазанға арналған ауа райы болжамы

Кей жерде жауын-шашын жауады, жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.
Aқмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында түнде кей жерде жаяу бұрқасын болады.
Aлматы, Жамбыл, Aтырау облыстарының кей жерінде тұман түседі. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Baq.kz