12 қаңтарға арналған ауа райы
baq.kz "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынды.
Республиканың басым бөлігінде фронтальді бөліктер әлі де өз ықпалын сақтайды. Соған байланысты кей жерде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерде тұман күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста көктайғақ байқалады, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде жаяу бұрқасын күтіледі, - делінген хабарламада.
Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Атырау облысының күндіз кей жерінде - бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с дейін күтіледі.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жаланашкол ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.