Аудан тұрғындарының назарына!
Арал қаласындағы № 260 орта мектеп ғимаратында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның мақсаты –террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуының дағдыларын қалыптастыру.
Оқу-жаттығуға байланысты белгіленген аймаққа өтуге шектеу енгізілді.
Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.
Оқу-жаттығу туралы аудан әкімдігінің ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі ақпараттарына ғана сүйеніп, жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі