«Титов» ықшам ауданының тұрғындары мен қонақтары назарына

Іс-шараның мақсаты – террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасауының дағдыларын қалыптастыру.
15:00-18:00 уақыт аралығында облыс орталығының белгіленген аудандарында шектеу енгізіледі.
Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.