Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Баршаңыздың назарына!» тұрғындарды құлақтандырудың бірыңғай дабылы

«Баршаңыздың назарына!» тұрғындарды құлақтандырудың бірыңғай дабылы

Құрметті Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылғы 26-27 ақпан аралығында «2019 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-нің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем - 2019» республикалық командалық - штабтық оқу – жаттығуын өткізу аясында «Баршаңыздың назарына» тұрғындарды құлақтандырудың бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, облыс аумағындағы төтенше жағдайлардың қаупі туралы тұрғындарды құлақтандыру жүйесіне тәжірибелік пысықтау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу кезінде алаңдаушылық тудырмай, тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз.
«Баршаңыздың назарына!» - бұл ескерту дабылы. Бұл дабыл  авариялар, зілзалалар, табиғи апаттар, қарсыластардың шабуыл қаупі туралы тұрғындардың назарын аударту мақсатында беріледі. Дабыл сиренаны, үзіліп шығатын дыбыс (гудок), көліктегі және басқа да құралдардағы дауыс зорайтқыштарды қосу арқылы беріледі. Дабыл берілген кездегі халықтың іс-әрекеті: сиренаны, үзіліп шығатын дыбысты (гудок) немесе т.б. естіген кезде тез арада радионы, теледидарды қосып, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің іс-әрекет тәртібі туралы хабарламасын тыңдаңыздар. Алынған ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, естіген іс –әрекет тәртібі бойынша әрекет етіңіздер.
Қызылорда облысының Төтенше
жағдайлар департаменті
26 ақпан 2019 ж. 1 154 0