Тегін құқықтық көмек көрсетіледі

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде құқықтық көмек көрсету мақсаты болып табылатын «Adal komek» жобасы оффлайн форматта өткізілуде.
Осы орайда, ағымдағы жылдың қазан айының 14 күні 15:30 уақытта Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі №2 «Е» «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның халыққа қызмет көрсету орталығында халықпен түсіндірме кездесу өтеді.
Отырыстың тақырыбы мен баяндамашысы көрсетілген хабарландырулар әр ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің www.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.
Шараға қатысу үшін 87079297552 WhatsApp нөмірі арқылы алдын ала жазылу қажет.