Хабарландыру

Консультативтік қызмет көрсету:
- Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмірі: 119,
- Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін: 8(7172)58-00-58 (желі операторының тарифына сәйкес);
- WhatsApp мессенджері арқылы (+7708-693-56-31);
- «Әділет» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде «виртуалды кеңесші» виджетінің чат-бот модуляциясы арқылы;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдарлары арқылы жүзеге асырылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспары» бекітілген. Жоспармен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа тәулік бойы тегін заң көмегін көрсету мақсатында ҚАҚ қызметін дәріптеуді жүргізу көзделген.
ҚАҚ қызметі туралы ақпаратты халыққа жеткізу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізу қажеттігі сұралады.
Арал ауданаралық Әділет басқармасы