Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу жыл сайынғы республикалық дәстүрге айналды. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат кеңес алды.
Өткізілетін уақыты: 26 мамыр күні сағат 16:00-де.
Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі №2 е, Халыққа қызмет көрсету орталығы.
22 мамыр 2023 ж. 896 0