"Халық заңгері" науқаны жалғасуда

Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады, Халықтың сенімін сақтау біз үшін өте маңызды.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқанына,2020 жылы 32 рет өткізіліп, жалпы 914азамат әр-түрлі сала бойынша, яғни әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, ауылшаруашылық, тағы басқа да өзкеті мәселелері бойынша тиістімемлекеттік органдардың білікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен (адвокат, нотариус, сот орындаушылары) тегін құқықтық кеңестер алды.
Сонымен қатар, «Адал көмек» жобасы бойынша офлайн және онлайн форматында 154 шара өткізіліп, жалпы 958 азамат сұрақтармен жүгінген, 921 сұрақтарына жауап тапты.
Аталған шаралардәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қазіргі уақытта, карантиндік жағдайға байланысты бұл шара онлайн форматына ауыстырылды.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті